Қазір қайғылы жағдайға не себеп болған анықталып жатыр. Айта кетейік, бүгін түнде көпқабатты үйден өрт шығып, кәмелетке толмаған үш баланың денесі табылды.
Құтқарушылар хабарлама түскен бойда жедел жеткен. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйел құтқарылды. Ол ауруханаға жатқызылды. Қызыл жалын 15-ші қабаттағы пәтерде шарпыған. Ал тұрғын үй 21 қабаттан тұрады. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді.
Өміржан Тұқышев, Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары:
- Бүгін түнде Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменінің «112» пультіне Есіл ауданындағы Түркістан көшесі мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жанған пәтердің темір есігін арнайы құралмен бұзып кіріп, бір әйелді құтқарып, «Жедел жәрдем» қызметінің бригадасына берді.
Тегтер #Заң мен тәртіп #қылмыстық іс #өрт #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz