Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіліп отыр.
Кей жерлерде нөсер жауын жауып, бұршақ түсіп, жел күшеюі ықтимал. Бұл жағдай циклондар мен антициклондардың алмасуына байланысты болып отыр.
Елдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжанса, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар «Қазгидромет» мамандары тұман түсіп, кей өңірлерде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.
Тегтер #дауылды ескерту #ауа райы #жауын #жел #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz