Су тапшылығына, мұздықтардың еруіне, шөлейттенуге және өзге де экстремалды ауа райы құбылыстарына қатысты жиындар өтеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі мен төзімділікті қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған климаттық іс-қимылдар, жерлерді қалпына келтіру және биологиялық әртүрлілікті сақтау. Сондай-ақ Орталық Азияда таза және тұрақты экономика үшін тұрақты инфрақұрылымды дамытуды жеделдету. Бұдан бөлек айналым экономикасын кеңейту: ресурстық тиімділікті арттыруға бағытталған өңірлік ынтымақтастық. Болашақ ұрпақты қорғау: денсаулық – экологиялық күн тәртібінің өзегінде. Тағы да Арал теңізі бассейнінен алынған сабақтар мен шешімдер жайлы баяндалады. Орталық Азияда табиғатты қаржыландыруды кеңейтуге де көңіл бөлінбек.
Ал қатысушылар қатары қалың. Үкіметтер, халықаралық ұйымдар, өңірлік бірлестіктер, қаржы институттары, даму институттары, жеке сектор, ғылыми қауымдастық және азаматтық қоғам арасында диалог орнату әрі үйлестіру үшін халықаралық алаң қалыптасады.
Тегтер #экологиялық саммит #су тапшылығы #Орталық Азия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz