Өңірлік экологиялық саммитті өткізу идеясы үш жыл бұрын өмірге келді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында осындай ұсыныс жасады.
Сөйтіп, былтыр Астана халықаралық форумында Саммиттің күн тәртібін климаттық түйткілдерден экологиялық мәселеге дейін кеңейту туралы жарияланды. Осылайша Орталық Азияға ортақ проблемаларды шешуге арналған жиынның таңбасы – «тамырмен» таңбаланған. Бұл – Орталық Азияны саяси шекаралармен емес, ортақ мән-мағынамен, жадымен және болашақпен біріктіретін байланыс, тұрақтылық және ортақ мұраның метафорасы. Қорыта айтсақ, «бір өңір – ортақ сын-қатер – ұжымдық әрекет» ұғымы әспеттелген.
Тегтер #экологиялық саммит #Мемлекет басшысы #БҰҰ #халықаралық форумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz