Қырғызстан – биоалуантүрлілігі жоғары маңызды экологиялық аймақтардың бірі. Мұнда әлемдік флораның шамамен 2 пайызы, фаунаның 3 пайыздан астамы шоғырланған.
Алайда кейінгі жылдары экожүйе нашарлап, сирек кездесетін кейбір түрлердің саны азайып барады. Жағдайға байланысты ел билігі табиғатты қорғауға бағытталған кешенді жобалар қолға алды. Бүгінде мемлекетте ағаш отырғызу және қар барысын қорғау бойынша экологиялық шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Өзбекстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергияның үлесін 30 пайызға дейін арттыруды көздейді. Сондай-ақ жыл сайын 200 миллионнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Мұнда Атом электр станциясын салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Ел экология мен жасыл энергетика бағытындағы жобаларды күшейтіп келеді. Бұдан бөлек, пластик қалдықтарын азайту және одан толық бас тарту бағытында түрлі шаралар қабылданған.
Тәжікстан – табиғи ресурстарға, әсіресе су қорына бай елдің бірі. Орталық Азиядағы су ресурстарының едәуір бөлігі осы мемлекеттің аумағында қалыптасады. Елде жасыл экономикаға көшу саясаты жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, таза энергия қуатын арттыру, электр көліктерін қолдануға көшу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану көзделген. Сонымен қатар елде климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстары мен ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тәжікстан мұздықтарды сақтау бастамаларына да зор көңіл бөліп келеді.
Тегтер #Қырғызстан #Орталық Азия #экологиялық жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz