Биыл Ұлытау облысының диқандары 30 мың гектар алқапқа егін салады. Оның 20 мыңына бидай, қалғанына көкөніс пен көпжылдық шөп егіледі.
Тұқым мен тыңайтқыш алу үшін облыс бюджетінен 140 млн теңге бөлінді. Дизель отыны да арзандатылған бағамен беріледі. Қазір өңірде 50 қожалық егін шаруашылығымен айналысады. Көбі суармалы егістік алқаптарын ұлғайтып, жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Биыл көктемгі дала жұмыстары ерте басталады. Себебі күн күрт жылынып, күн райы қолайлы болып тұр.
Нұрғиса Мырзабек, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- 150 гектар аумаққа Кеңгір селолық округінде картоп егілетін болады. Бұл біздің өңіріміздің 30 пайыз қажеттілігін қамтамасыз етуге жарамды. Сонымен қатар облыс құрылғалы облысымызда суармалы егіс алқаптары болған жоқ еді. 2023 жылдан бастап осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда суармалы егістік алқаптарының көлемі бір мың гектарға жетті. Ағымдағы жылы тағы да мың екі жүз гектарға жабдықтары орнатылып инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Ұлытау облысы #егіс науқаны #көкөнісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz