Жамбыл облысы Байзақ ауданында салынған саябақ жылға жетпей бүлініп жатыр. 2,5 мыңға жуық тұрғыны бар Бурыл ауылында демалыс орны былтыр салынған.
Алайда төсеніш тастары сынып, орындығы қирап, жарық бағаналары қисайып, құлауға шақ тұр. Оған қоса әткеншектері бүлініп, ойын алаңының жабындылары ұшып кеткен. Қараусыз қалған нысан айналасына арамшөп өсіп, қоқыс орнына айналған. «Бұл – жөндеу жұмыстарының сапасыз жүруінің салдары», - дейді тұрғындар. Жалпы саябақты жаңғыртуға 25 млн теңге жұмсалған. Құрылыстың сапасыз болғанын ауыл әкімдігі де растап отыр. «Мәселе мердігер есебінен жөнделеді», - деп уәде берді жауаптылар.
Алмаз Әмірбеков, Бурыл ауылының тұрғыны:
- Немқұрайлы қараған, мемлекеттің қаржысын қалай болса, солай кеткенін бақыламаған. Істелген, атқарылған жұмыстарға халық разы емес. Сонымен қатар жасалып жатқан жолдар көшедегі бағаналар сол кісінің кезінде қойылды. Олардың бәрі өз сапасына мүлде сай емес.
Бақытжан Дүйсенбаев, Бурыл ауылы әкімінің міндетін атқарушы:
- Біз жеке кәсіпкерге хатын жазып жіберіп қойғанбыз. Аяқтамаған жұмыстарды өздері аяқтайды. Ақпан айында бергенмін, күннің жылуына байланысты өздері келіп, жұмыстарды аяқтаймыз деді.
Тегтер #Жамбыл облысы #саябақ #бүліндіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz