RU
Толық нұсқаға өту

Ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу бар

14.04.2026, 07:00 37

1 мамырға дейін елдің бірнеше өңірінде ауыр жүк көліктерінің жүруіне болмайды. Бұл қар еріп, су тасыған кезде көліктердің жолды бүлдірмеуі үшін қажет.

Яғни Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы автожолдарда жүру үшін көліктің бір оське түсетін салмағы 8 тоннадан аспауға тиіс.

Ал оңтүстік пен батыста, яғни Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында ауыр көліктердің қозғалысы 1 сәуірге дейін шектелген еді. Дегенмен бұл тыйымның халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлар жүктерін таситын көліктерге қатысы жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz