RU
Толық нұсқаға өту

Жүргізуші куәлігін алу тәртібі жеңілдейді

14.04.2026, 09:50 45

Енді азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде тапсыра алады. Тек әр талпыныс арасында кемінде 10 күнтізбелік күн сақталуға тиіс.

Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Бұл бұрынғыдай үш мүмкіндікпен шектелмейді және қайта оқуға мәжбүрлейтін талаптар жойылады. Жаңа норма сыбайлас жемқорлықты азайтып, жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуді көздейді. 

Бұдан бөлек, емтихан үдерісіне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Теориялық бөлімде толықтырылған шынайылық, ал практикалық емтиханда компьютерлік көру жүйесі қолданылып, бұзушылықтарды анықтайды.  Тестілеуде тыйым салынған құрылғыларды пайдаланған азаматтар бір жылға дейін емтихан тапсыру құқығынан айырылуы мүмкін. Автомектептерге қойылатын талаптар да қатаңдайды. Олардың қызметі лицензияланып, оқыту сапасы төмен болған жағдайда құжат кері қайтарылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz