Алматыдағы екінші жылу электр орталығы табиғи газға көшіріліп жатыр. Ал қаладағы үшінші жылу энергетикалық кешенде бу-газ қондырғысын салу көзделген.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нысандарды жаңғырту барысымен танысты. Алатау ауданындағы кешеннің құрылысы биыл аяқталады. Ал Іле ауданындағы жылу электр орталығы жаңа технологиямен жаңартылып жатыр. Мұнда қуаты кемінде 450 мегаватт болатын бу-газ қондырғысы салынады.
Жоба аясында ескірген жабдықтар толық ауыстырылып, стансаның өндірістік әлеуеті артады. Роман Скляр жобаларды белгіленген мерзімде жүзеге асырып, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына және жабдықтардың уақытылы жеткізілуіне бақылауды күшейтуді тапсырды.
Тегтер #Роман Скляр #жылу #электр #табиғи газPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz