RU
Толық нұсқаға өту

Бетті тұмшалауға тыйым салынады

14.04.2026, 15:30 101

Қоғамдық орында бетін тұмшалағандар енді 40 мың теңгеден астам айыппұл арқалайды.

Естеріңізде болса, бетті бүркеуге қатысты тыйым былтыр шілде айында Заңға енгізілген еді. Алайда аталмыш құқықбұзушылыққа көзделетін жауапкершілік тетігі биыл 2 наурыздан бастап күшіне енді. Өйткені бетті тұмшалайтын заттар бейнебақылау жүйесінің жұмысына және адамның жеке басын тануға кедергі келтіріп, қылмыстық істі ашуға тосқауыл қояды. Сәйкесінше енді никаб, балаклава және басқа да бет-жүзді көрсетпейтін киім киген азаматтар алдымен ескерту алады, ал жағдай бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз хатшысы:

- Көп жағдайларда қаскөйлер өздерінің бетін тұмшалап алу арқылы ұрлық, тонау немесе басқа да заңға қайшы әрекеттерді жасап жатады. Сонымен қатар ерекше атап өткен жөн, бұл тыйым салдыру қандай да бір бетті ашық қалдыратын не ұлттық киімдерге қатысты болып келмейді. Бұл медициналық көрсеткіштер бойынша суық ауа райында және де қандай да бір өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде және де спорттық үлкен бұқаралық іс-шаралар кезінде, яғни бетті бір қажетті жағдайда ғана жауып алуға рұқсат етіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz