2026 жылдың қаңтар айында өткен ҰБТ-ға шамамен 184 мың талапкер қатысса, наурыздағы тестілеуде 179 мың адам бақ сынады.
Мамандардың айтуынша, көктемгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі қаңтармен салыстырғанда біршама жақсарған. Бұл талапкерлердің тесттен кейін ұсынылатын тақырыптық талдауды тиімді пайдаланып, өз біліміндегі олқылықтарды жүйелі түрде толықтыруымен байланысты. Еске салайық, ҰБТ жылына бес рет өткізіледі. Яки қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы нәтижелер ақылы оқуға түсуге мүмкіндік берсе, мамыр мен шілдедегі тестілеу мемлекеттік грант конкурсына қатысуға жол ашады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ҰБТ #талапкерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz