Енді әскердегі әрбір сарбаздың әрекеті сауысқаннан сақ камералардың бақылауында болады. Құрылғының ерекшелігі сол, оған жасанды интеллект жүйесі енгізілген.
Ақылды зейін жауынгерлердің жүріс-тұрысын жазып қана қоймай, мінез-құлқын, қажет болса көңіл-күйін, эмоциялық жағдайын анықтайды. Тәулік бойы тоқтаусыз талдау жасайтын камера сарбаздың бойынан агрессия немесе басқа да оғаш әрекеттерін байқаса, бірден командирлер мен психологтарға белгі береді. Бұрын-соңды болмаған бұл жүйе әзірге сынақ түрінде өтіп жатыр.
Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның ресми өкілі:
- Пилоттық жоба Астана қаласындағы 5573 әскери білім базасында іске қосылып, қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жедел әрекет ету мүмкіндіктерін күшейтуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Бұл психолог мамандардың жұмысын тиімді етіп, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдауға жағдай жасайды. Сонымен бірге жүйе қарумен өзге де қауіпті заттарды анықтау функциясымен жабдықталған. Бұл қауіпсіздік деңгейін едәуір күшейтеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әскер #жасанды интеллектPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz