Атырау облысында биыл 114 мың гектар алқап шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өтеді.
Оның ішінде 79 мың гектар жер республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткеге қарсы дәріленсе, 35 мың гектар аумақта саяқ шегірткеге қарсы шаралар жергілікті бюджет қаржысы арқылы іске асады. Бұл мақсатқа 250 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы толық аяқталып, мердігер компания анықталған. Химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айында басталады деп жоспарланып отыр. Науқанға жалпы 160 адам жұмылдырылады. Мамандардың айтуынша, аталған шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғап, өнім көлемін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Азат Қапанов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Жергілікті бюджет есебінен 8 жаңа жерүсті газогенератор техникасы жұмылдырылады. Республика деңгейінде ұйымдастырылатынында 2 газогенератор жерүсті, сонымен қатар 3 дельтаплан. Атырау облысы бойынша бізде қазір 7 аумақта, Атырау қаласы, Исатай ауданы, Құрманғазы ауданы, Қызылқоға ауданы, Индер ауданы, Махамбет ауданы және Жылыой ауданында жүргізілетін болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #шегірткеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz