RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте коммуналдық қызметке тариф төмендеді

14.04.2026, 19:10 43

Шымкентте индустриялық аймақтағы кәсіпкерлер үшін коммуналдық тарифтер 43%-ке дейін арзандады.

Енді кәсіпорындарда судың текше метріне бұрынғыдай 190 теңге емес, 149 теңге төлейді. Ал ағынды сулар тарифі 131 теңгеден, 74 теңгеге дейін төмендеді. Мұндай өзгеріске прокурорлық тексеріс қорытындысы түрткі болды. Қадағалау органы тарапынан монополист мекеменің бағаны негізсіз өсіргені әшкереленді. Заңсыздыққа жол берген департаменттің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлердің бұған дейін төлеген қаражаты сот тәртібімен қайтарылады.

Дінислам Әлжан, қала прокурорының көмекшісі:

- Көрсетілген қызметтер көлемінің өсуі ол монополистер тарапынан бекітілген тарифтік сметада көзделмеген қосымша табыстың артуына алып келген. Сондықтан прокурорлық қадағалау АКТ-сі негізінде индустриялық аймақтың 96 қатысушысының құқықтары қорғалды. Бұл өз кезегінде олар өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz