Кеше Өскеменде 15 мың абонент бір мезетте жарықсыз қалды. Кейінгі 4 күнде электр жарығы жиі сөніп, тұрғындарды әбден әбігерге салды.
Күленов кенті мен 19-шы шағын ауданда сағаттап жарық болмады. 25-ші шағын ауданға жарық енді беріліп жатыр. Желіде шыққан ақаудың көптігі сонша энергетиктер жөндеп үлгере алмайды - дейді жауаптылар. Қуат көзімен қамтитын компания өкілдерінің айтуынша, қалада жаңа аудан көбейді. Сондықтан энергия тапшы. Әрі құрылыс жұмыстары кезінде кабельдің бүлінуі жиілеп кеткен. Жер асты сулары көтеріліп, сымдар да үзілген. Мәселені шешу үшін энергетика компаниясының басшылығы мен әкімдік өкілдері кешенді жоспар құрды.
Ерболат Әлпиев, Біріккен энергосервистік компанияның өңірлік директоры:
- Бұл жоспар бойынша әрбір кабельдің барлығына қайта жұмыс жасау керекпіз, тексеру керекпіз. Сондықтан олардың изоляциясы қаншалықты шыдайды тексеріп көруіміз керек. Соған байланысты әкімшікілпен бірлесе отырып, сатып алатын материалдар болса сатып алады. Біз оны орнынан қойып істеуге тура келеді. Бұл тез болатын нәрсе емес, өйткені бұл 1-1,5 ай шамасы тексерісті жүргізу, өткізу.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Өскемен #жарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz