Алматы тұрғындары автотұрақ ақысын төлемей жүр. Былтыр шамамен жарты миллионға жуық заңбұзушылық тіркелген.
Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілер айыппұлдан жалтару үшін мемлекеттік нөмірлерін әдейі жауып қоятын болған. Төленбеген автотұрақ үшін 4325 теңге айыппұл салынады. Ал нөмірді әдейі жасырғаны үшін жаза қатаң, - дейді мамандар. Қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Жалпы қалада шамамен 18 мың автотұрақ бар.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Жол жүру ережесіне бағынбай, қандай да бірнеше түрлі айла тауып, айыппұл төлеуден жалтаратын азаматтар да бар. Егер айқындаған сәтте полиция қызметкерлері оған төтеп беріп, әкімшілік кодекстің 597 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Ал өздеріңіз білесіздер, көлікті тұраққа қою процесі бұл автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #автотұрақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz