RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан жасыл жобаларды дамытып жатыр

14.04.2026, 20:40 37

Қазақстан жасыл экономиканы дамытуға ден қойды. Елде климаттық мәселелерді шешуге бағытталған экологиялық және инвестициялық ірі жобалар қолға алынып жатыр.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жасыл технологиялар департаментінің директоры Айман Есекина өңірлік экологиялық саммит қарсаңында жұмыс қарқыны үдей түскенін мәлімдеді. Оның сөзінше қазір орталық отандық жасыл технологиялардың көлемін арттыруға бағытталған GCIP жобасын қолға алған. Оның аясында стартаптар жаңа деңгейге көтеріледі. Сондай-ақ биыл энергетика саласында климаттық платформаны іске қосу жоспарланған. Ол шетелдік инвесторларға басымдық берілген жобаларды анықтауға көмектесіп, экономикадағы өзге салалардың дамуына түрткі болмақ.

Айман Есекина, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының департамент директоры:

- Қазір елде экологиялық жобалар өте көп. Себебі Қазақстан үшін климаттың өзгеруі өте өзекті мәселе. Экологиялық саммит қарсаңында біз көптеген инвестициялық жобалар дайындап жатырмыз. Жауапты органдардың қадағалауымен Экология және табюиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банктің жобасын дайындап жатыр. Ол шығындылар саудасы жүйесін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ саммит аясында Орталық Азия бюросы бойынша үздік жобаларды акселерациялауофисін ашу жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz