RU
Толық нұсқаға өту

Бос жатқан жерлер шаруаларға беріліп жатыр

14.04.2026, 21:00 36

Қарағанды облысында кейінгі төрт жылда бос жатқан 2 млн гектар жер ауыл тұрғындарына берілді. 

Фермерлер жайылым, егістік және шабындық жер телімдеріне ашық конкурс арқылы қол жеткізді. Жерді мақсатты пайдаланбайтындар тізімінде Нұра ауданы алдыңғы қатарда тұр. Биыл ауданда игерілмеген 15 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады.    

Нұра ауданында былтыр игерілмей бос жатқан 22 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал биыл тағы 15 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Бұл - жайылымдық, шабындық және егістік алқаптарды жаңадан кәсіп ашсам, ауыл шаруашылығымен айналыссам деген адамдарға конкурс арқылы беріп жатыр.

Жерді конкурс арқылы алғандарға 5 жыл бойы арнайы тексеріс жүргізіледі. Пайдалану бағытына қарай сол алқаптарда тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Қайтарылған жерді конкурс арқылы жеңіп алғандардың бірі - Алексей Ермоленко. Фермердің қарамағында 400 гектар жер бар. Оның бәріне дәнді-дақылдар себеді.

Алексей Ермоленко, фермер:                            

- Конкурс арқылы 260 гектар жер алдық. Ол алқапқа жоғары сұрыпты бидай егеміз. Шаруашылығымыз дамып келеді. Аздап мал өсіреміз. Жайылымдық, шабындық жер жеткілікті.

Жалпы Нұра ауданында ауыл шаруашылығына жарамды 4 млн-ға жуық гектар жер бар. Шаруалар соның шамамен жартысынан астамын пайдаланады. Ұзақ мерзімге жалға беру, игерілмей жатқан алқаптарды тексерудің нәтижесінде 22 мың гектар мемлекет меншігіне өтті. Жерді дұрыс игермей, бос ұстап отырғандарға әкімшілік жаза қатаң.

Қамбар Қыдырбаев, Нұра ауданы бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Оларды жер инспекторы келіп тексерістен өткізді. Оларға айыппұл салынды. Қазір олардың жерлерін мемлекеттік кірістер басқармасына, яғни жер салығын 40 есе өсіру бойынша жолданады. Қазір ол жерлер бойынша түсіндіру жүргізіліп жатыр. Олар жаңағы нұсқаманы орындайды жер инспекторы тапсырып кеткен, немесе сот арқылы біз мәжбүрлеп тартып аламыз.

Облыс бойынша Нұра ауданынан бөлек жерді мақсатты игермей жатқан аудандар тізімінде Абай, Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары көш бастап тұр.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz