RU
Толық нұсқаға өту

Донорлар азайып барады

14.04.2026, 21:30 38

Қазақстанда донорлар азайып барады. Мәселені Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден көтерді. Оның айтуынша, халықтың қанға мұқтаждығы артып, салаға қауіп төніп тұр.

Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша мың адамға шаққанда 35 донация болуға тиіс. Ал бұл көрсеткіш 20-дан аспаса елдегі жүйе дұрыс жұмыс істемей тұрғанын білдіреді, - деді ол. 

Қарақат Әбден, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты:

- Дәрігерлер жыл сайын қан тапсыратындар саны азайып бара жатқанын айтады. Бұл өте қауіпті. Өйткені қанды сатып алуға, шетелден тасуға болмайды. Оны зертханада өндіре алмаймыз. Тек адамнан адамға құюға ғана болады. Қазір донорға 983 теңге төленеді. Ол жиырма жыл бұрын қабылданған сома. Содан бері өзгерген жоқ.

Дегенмен мемлекет донорларды ынталандырудың басқа да жолдарын тапқан. Мәселен, олар денсаулығын тексеріп, дәрігер кеңесін тегін ала алады. Соның арқасында белсенді қан тапсырушылар пайда болған. Дәрігерлер биыл тұрақты донорлар саны 300 адамға артып, 5830-ға жеткенін айтады. 

Айгерім Сағамбаева, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының кафедра меңгерушісі:

- Былтыр 44 мың рет қан тапсырылды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 39 мың болған. Бұған ірі емханалардың Астанада шоғырлануы себеп деп ойлаймын. Сондай-ақ  халық саны да артып келеді. Яғни, қан тапсыратындар да көбейеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz