RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

14.04.2026, 21:40 45

Солтүстік Қазақстан облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында прокуратура органдарының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.

Іс-шара апта сайын «Рахмет» сауда-ойын-сауық орталығында және облыс аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Іс-шара барысында шамамен 250-ге жуық өңір тұрғыны тегін құқықтық кеңес алды. Тұрғындардың сұрақтары әлеуметтік қамсыздандыру, отбасы, еңбек, тұрғын үй, салық және жер мәселелеріне қатысты болды.

Кенесары Мұхаметжанов, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

- Акцияның басты мақсаты – мәселелерді орнын талдау қағидаты бойынша жедел шешу болып табылады. Қылмыстық істі сапасыз тергеу бойынша өтініш түскеннен кейін облыс прокуратурасының бірінші орынбасары Трикачев жеке қабылдау өтізіп істі бақылауға алды. Іс-шара халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және прокуратураға деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Акция барысында жүгінген азаматтардың біріне небәрі 15 минут ішінде банк шотындағы бұғаттау алынып тасталды. Айыппұлдарын толық өтегеніне қарамастан, ол екі ай бойы жалақысын пайдалана алмаған. Айта кетейік, акция апта сайын Петропавл қаласында және облыс аудандарында тұрақты түрде өткізіледі.

Иван Николаев, қала тұрғыны:

- Бұл акция азаматтар үшін өте маңызды, өйткені заң саласындағы өзекті мәселелер бойынша ешқандай кезексіз, кідіріссіз еркін кеңес алуға мүмкіндік береді. Мен де бұл жерге жеке мәселе бойынша жүгініп, сұрағыма нақты жауап алдым.

Жыл басынан бері бұл акция аясында прокурорлар мыңнан астам азаматты қабылдады. Аталған акция тұрғындарға мәселелерді жедел әрі тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz