RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте тазалық сақтамағандар жауапқа тартылды

14.04.2026, 21:50 36

Шымкентте санитарлық талаптарды бұзған 1700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар қоғамдық орындарды ластап, рұқсатсыз ағаш кескен. Сондай-ақ саябақтар мен көшелерге қоқыс тастау деректері де жиі тіркеледі. Барлық тәртіп бұзушыларға хаттама толтырылып, тиісті айыппұл салынды. Рейд барысында «Асар» шағын ауданында құрылыс қалдықтарының заңсыз төгілгені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, бұл маңайдағы көпқабатты тұрғын үйлерді салып жатқан мердігерлердің әрекеті болуы мүмкін. Қазір осы дерек бойынша тергеп-тексеру басталды. «Таза қала» іс-шарасы сәуірдің 18-не дейін жалғасады.

Ерлан Жаппаров, Қалалық ПД Абай аудандық полиция басқармасының аға инспекторы:

- Қоқыс тастау бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілік қаралған. Ол жерде жеке тұлғаларға 20 АЕК. Ал құрылыс нысандары ірі кәсіпкерлерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айыппұл салынғаннан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары міндеттеледі әкімшілік тарапынан. «Таза қала» акциясы негізінде біраз нысандардың айналасы қоқыстардан тазарып, жақсы нәтиже көрсетіліп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz