RU
Толық нұсқаға өту

Жүргізуші куәлігін алу ережесіне өзгеріс енеді

14.04.2026, 23:35 34

Елде жүргізуші куәлігін алу ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Мәселен, емтихан тапсыру әрекетінің санына қойылған шектеуді алып тастау көзделіп отыр.

Сонымен қатар практикалық емтиханды мерзімінен бұрын қайта тапсыру мүмкіндігі енгізіледі, әр 10 күн сайын ақылы негізде болады. Бұл ретте азаматтар үшін 30 күнде бір рет тегін қайта тапсыру құқығы сақталады. Емтихан қабылдау процесін автоматтандыру деңгейін арттыру және адам ықпалын барынша азайту бойынша шешімдер пысықталып жатыр. Бұл жұмыстарды Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесе атқарады.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Ұсынылып отырған түзетулер рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Біздің міндет - жүргізушілік дағдылардың обьективті бағалауды қамтамасыз ету. Баршаға тең жағдай жасау және кез келген заң бұзушылық тәуекелдерін болдырмау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz