RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда ұлттық рейтинг агенттігі құрылады

15.04.2026, 17:22 74

Елде ұлттық рейтинг агенттігі құрылады. Ол кредиттік рейтинг беретін ұйымдардың жұмысын реттейтін құқықтық жүйе қалыптастырады. 

Бұл бастама шағын және орта бизнеске қаржы нарығына шығуды жеңілдетеді. Компанияларға қарызды төмен пайызбен алуға, ақпараттың ашық болуына және нарықтағы сенімнің артуына мүмкіндік береді. Қаржы ұйымдары мен зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары сияқты ірі инвесторлар үшін инвестиция салу тиімдірек болады. Аталған өзгеріске қатысты заң жобасы бүгін мәжілістің жалпы отырысында қаралды. Құжатты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова таныстырды. Жобада рейтинг агенттіктеріне бірқатар қатаң талап енгізеді. Бұл қатарда қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысын болдырмау, жыл сайын әдіснамаларды жаңарту шаралары қарастырылған. 

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

- Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық Банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді. Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер. Заң жобасы шеңберінде кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін қамтитын институционалдық модель енгізілмек. Алғашқы модель бойынша тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру ұсынылады.

 




Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz