Дүниежүзілік экологиялық қор Каспий теңізі үшін 12 млн доллар көлемінде грант бөлді.
Кейінгі жылдары Каспий теңізінің деңгейі күрт төмендеп, халықаралық қауымдастық назарына алынды. «Каспийді көгалдандыру» атты жоба Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан елдерінің бірлесуімен жүзеге асады. Бастама теңіздің ластануын азайтып, экожүйесін сақтауға бағытталған. Жоба аясында теңіз суының қазіргі деңгейіне ғылыми сараптама жүргізіліп, сирек кездесетін жануарлар мен балық түрлері зерттеледі. Әсіресе жойылып кету қаупі бар Каспий итбалығын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.
Серік Ахметов, «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Жобаны екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Бірінші – өңірлік кезеңі, оған Каспий маңындағы 5 мемлекет түгел атсалысып, шамамен 3,7 млн доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Екінші кезеңіне Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстан елдері грант есебінен 8 млн доллар бағыттау бойынша өзара келісімге келді.
Тегтер #экологиялық қор #Каспий #грантPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz