RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде Ертіс пен Үлбінің арнасы тола бастады

15.04.2026, 21:26 33

«Қаладағы жағалауға су жайылып жатыр. Дегенмен алаңдауға негіз жоқ», - дейді мамандар. 

Гидроэлектрстанциясы жіберілетін су мөлшерін екі есе көбейткен. Сондықтан өзен деңгейі көтерілген. Қазір секундына 1200 текше метр су өзенге құйып жатыр. Гидролгтардың айтуынша, бұл – реттелген процесс әрі тасқынға қарсы шара. Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейі мен экожүйе тепе-теңдігі сақталады. «Жіберіліп жатқан су көлеміне ғарыштан мониторинг жасалып, нақты есеп жүреді», - дейді станция өкілдері.

Олег Изотов, Өскемен су электр станциясының өндіріс бойынша бас директоры:

- Су жіберу көлемін арттыру жыл сайын жүргізіледі. Бұл – Ертістің экожүйесін қолдауға арналған маңызды шара. Өскемен су электр станциясында тасқын кезеңіне дайындық күзден басталды. Негізгі құрылғылардың барлығы жаңартылып, жөнделді. Технологиялық басқару жүйесі де тексерілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz