Шығыс Қазақстанда көлігін тұраққа дұрыс қоймаған 270 жүргізушіге айыппұл салынды. «Көпқабатты үйлердің ауласына кіру қиындап кетті», - дейді мамандар.
Әсіресе облыс орталығында бұл мәселе өзекті. Өрт сөндірушілер профилактикалық шара ретінде арнайы көлікпен аулаларды аралап көрді. Жолда кездескен барлық кедергіні полицияға тізіп берді. Жергілікті билік тар аулаларды кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазір Өскеменде 125 мыңнан аса автокөлік тіркелген.
Тілек Манарұлы, ШҚО ТЖД басқармасының бас инженері:
- Ауладағы автотұрақтар өте тар. Сондықтан жүргізушілер автокөліктерін қалай болса, солай қоя салады. Салдарынан қандай да бір оқыс жағдай болса, құтқарушылар болсын, жедел жәрдем көлігі болсын ол жерге жете алмай әуреге түседі. Яғни бұл адам өмірін ажалдан арашалауға қолбайлау болады деген сөз.
Тегтер #ШҚО #арнайы көлік #Аула #Заң мен тәртіп #айыппұлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz