Жамбылдағы Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз әскери-есептік мамандықты меңгерді.
Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал, Қостанай және Өскемен қаласынан келген сарбаздар жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант берді. Олар бес айдың ішінде түрлі техниканың жүргізушісі, аспаз мамандықтарын игерді. Сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп болғаннан кейін көлік, логистика және жүк тасымалдау саласына бірден жұмысқа кіру мүмкіндігіне ие болады. Оқу-жаттығу орталығы бір жылда шамамен 1200 сарбазды түрлі әскери мамандыққа үйретіп шығарады.
Тегтер #әскерилер #Жамбыл #сарбаз #мамандықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz