Жақында өтетін экологиялық саммиттің Орталық Азия үшін маңызы зор. Сарапшылардың айтуынша, бұл аймақтың қордаланған мәселелерін шешетін алаң болмады.
Мамандар экологиялық жағдайдың жыл сайын нашарлап бара жатқанын алға тартып отыр. Сондықтан бірлескен іс-қимыл керек. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – су дағдарысы. Ресурстар тапшылығымен қатар тіршілік көзін тиімсіз пайдалану салдары да қиынға соғуы мүмкін.
Адал Роман, тәуелсіз эколог:
- Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің ұжымдық қоғамдастығы бұл саммитті көптен күтті. Себебі мұнда шешімін күттірген мәселелердің нақты жолдары қарастырылады. Мемлекет басшылары Каспий мен Аралдың мәселесін шешуге көмектесетін қандай да бір келісімге қол қоюы керек деп санаймын. Бұл – осы өңірге ортақ мәселе. Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстанда су ресурстарының сарқылуы үлкен мәселеге айналып тұр.
Өңірлік экологиялық саммит 22-24 сәуір аралығында Астанада өтеді. Оған халықаралық ұйым өкілдері, ғалымдар жалпы саны мың жарымға жуық адам бас қосады. Саммитке қатысушылар «Жасыл» экономикаға көшу, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи ресурстар тақырыбын талқылайды. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі, ауаның ластануы, қалдықтарды қайта өңдеу және өңірлердің тұрақты дамуы мәселелерін көтереді.
Лаура Сейілбек, эколог, тұрақты даму бойынша сарапшы және ESG:
- Мен бұл саммиттен үлкен нәтиже күтемін. Мысалы, су, энергетика шығындарын азайтуға қатысты жобалар іске қосылса. Бұл мақсаттарға Дүниежүзілік банк немесе БҰҰ және қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы сияқты құрылымдар арқылы қаржыландыру мен технологияларға қол жеткізуге болады. Мысалы, Қазақстан Орталық Азияның экологиялық көшбасшысы бола алады.
Тегтер #экосаммит #сарапшылар #Орталық АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz