RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда 2 мыңнан астам ағаш егілді

15.04.2026, 23:57 27

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды экоакция өтті. 

Іс-шара барысында қаланы көгалдандыру және экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жаппай ағаш егілді. Қалаға кіреберістегі жасыл белдеуге 1200 түп Қырым қарағайы мен 1000 түп үйеңкі егілді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта бұл аумақ саялы баққа айналады. Игі бастамаға мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, коммуналдық сала қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысты. Табиғат жанашырларының пікірінше, күнделікті өмірде тазалықты сақтап, ағаш егу дәстүрін қалыптастыру – жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды бөлігі. Биыл өңірде 1 миллион түп ағаш егу жоспарланып отыр.

Нариман Мархабаев, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Іс-шараның мақсаты - жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, таза қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу. Бүгін Түркістан қаласындағы әр колледждерден 300-400-ге жуық жас қатысып отыр.

Райымжан Алибаев, «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы:

- Мен өзім ҚХА мүшесі ретінде осы экологиялық акцияға үлес қосып, бүгінгі шараны жоғарғы деңгейде өткізіп жатырмыз. Көшет егу рәсіміне қатыстық. Тұрғындардың да көңіл күйі жақсы. Осы іс-шараға барлық Қазақстандықтарды да шақырамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz