RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан ICAO-мен әріптестікті нығайтады

16.04.2026, 13:50 44

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы қазақстандық ұшқыштарды оқытуды жалғастырады. Елдің Азаматтық авиация комитеті тиісті келісімге қол жеткізді.

Құжатқа Маракеште өткен ИКАО-ның жаһандық сипозиумы кезінде қол қойылды. Оған сай, елдегі азаматтық авиация саласының мамандары арнайы оқудан өтеді. Яғни 23 бағыттан тұратын бағдарламаны меңгеріп, біліктілігін арттырады. Сондай-ақ қатысушыларға халықаралық сертификат табысталады.

Айта кетейік, 1944 жылы жылы құрылған Халықаралық азаматтық авиация ұйымы - БҰҰ-ның мекемесі. Дүниежүзіндегі әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz