RU
Толық нұсқаға өту

Екібастұзда дәрігерлерді соққыға жыққандар қамауға алынды

16.04.2026, 17:40 22

Екібастұзда қалалық аурухананың дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасалды.

Ер адам мас күйдегі екі танысымен бірге травматологиялық пунктке медициналық көмек сұрап барған. Бірақ науқастың жанындағылары бөлмеден шығудан бас тартып, дөрекілік көрсеткен. Артынша дәрігерге қол көтеріп, соққыға жыққан. Жарақат алған медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша зорлық-зомбылық жасау бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Асылбек Қайроллаев, Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары:

- Бөлмеден шығудан бас тартқан жастар дәрігерге соққы жасаған. Жағдайға араласуға тырысқан медбике де дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстап қылмыстық іс қозғады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz