«Ойлан қазақ». Жазушы Ерлан Ахмедидің осылай аталатын романы бүгін бас қалада оқырман қауымға таныстырылды.
Туындыда ұлттық құндылық, ұрпақ тәрбиесі сынды тақырыптар қаузалған. Шығарма «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының ақтық кезеңге жолдама алған 6 кітаптың қатарына кірді. Туындының таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, депуттар, жастар және қаламгерлер қауымы жиналды. Шығарма әзірге оқырман назарына электронды форматта ұсынылып отыр. Жуырда баспа арқылы жарыққа шығару жоспарда, - дейді қаламгер.
Ерлан Ахмеди, жазушы:
- Адам белгілі бір жасқа келгенде өзіне осындай сұрақ қояды: «Мен кіммін? Қайдан келе жатырмын? Келекшектегі қадамдарым қандай болады? Бұл өмірдің мәні не?» деген сұрақтарға осындай ізденіс пайда болады. Бұл туындыда осы ізденістегі адамның жолын көрсетеді. Егер аталарымыз, классиктеріміз тұлғаның екіге жарылуын жазса, мен аталарымыздың жолын жалғап, тұлғаның үшке жарылуын көрсеткім келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ойлан қазақ #ерлан ахмеди
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz