RU
Толық нұсқаға өту

Елде 44 мыңнан аса азамат онлайн жұмыс істейді

16.04.2026, 19:20 35

Елде онлайн жұмыс жоқтың қасы. Тек әр 200-ші қазақстандық үйден жұмыс істейді. Бұл жалпы жұмыс күшінің 0,5 пайызын құрайды.

Қазақстандықтар қашықтан қызмет етуге қаншалықты құлықты?

Салалар жыл сайын цифрланып жатқанымен онлайн жұмыс жұртқа әлі де таңсық. Өзіңіз айтқандай мұндай форматта еңбек ететін елдің үлесі жалпы жұмысшылардың бір пайызына да жетпейді. Дегенмен сұраныс күн санап көбейіп келеді.

Әр 200-ші қазақстандық үйден жұмыс істейді. Елде онлайн еңбек ететіндер саны 44 мыңнан асты. Қашықтан қызмет қылатын қарашаның дені қыз-келіншектер. Жалпы жұмысшылардың 25 мыңы нәзік жандылар, ал қалған 19 мыңы ер азаматтар. Жыл санап мұндай жұмыс форматына сұраныс артып келеді. Мәселен, 2023 жылы қызметкерлердің саны 42,5 мың адам болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 4%-ға өсті. Әсіресе Түркістан, Астана, Алматы облыстарында сұраныс жоғары.

Онлайн жұмыс - 44,2 мың

Әйел - 25,1 мың

Ер - 19,1 мың 

Түркістан облысы - 8,2 мың

Астана қаласы - 8,1 мың

Алматы қаласы - 6,4 мың

Руслан Тлеубаев,  ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Еңбек саласын зерттеу және болжау департаментінің директоры:

- Елде 9,3 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 1,2  млн-ы бұл өнеркәсіп, 985 мыңнан астам халық ауыл шаруашылығы саласында, 1,6 млн азамат сауда саласында, 1,2 млн азамат білім беру саласында қызмет жасайды. 

Әлем елдерінде бұл қалыпты үрдіс. Мәселен, жаһан жұмысшыларының 48 пайызы қашықтан немесе аралас форматта еңбек етеді. АҚШ-та 30 миллион азамат жартылай онлайн еңбек етеді. Ал бізде бұл көрсеткіш кенжелеп тұр. Елде 44 мың адам үйден жұмыс істейді. Ал ол жалпы жұмыс күшінің 0,5 пайызын құрайды. Себебі біздегі жұмыс орындарының дені офлайн еңбекке бағытталған.

Онлайн жұмыс - 48%

АҚШ - 30 млн  

Қазақстан - 44 мың

Мұхамед Бағдатұлы, сарапшы:

- Қазіргі уақытта технологиялардың дамуына байланысты ЖИ бар, автоматтандыру жұмыс процесін жеңілдетеді. Осы тенденция біздің платформаға қарасақ жыл санап өсіп келеді. Ол көбіне жұмыс берушілер тарапынан, мысалға жұмыс офиста емес, гибриттік форматты ұсынады. Қашықтықтан, яғни осы қашықтықтан жұмыс істеу өсіп келеді.

14 мамандық жойылуы мүмкін

Цифрландыру салдарынан 14 мамандық жойылып кетуі мүмкін. Мамандар осындай мәлімдеме жасады. Енді мәтін өңдеуші, баспа, колл цент қызметкерлері секілді жұмысшыларға сұраныс айтарлықтай азаяды. Олай болса, 48 мыңнан астам адам қызметсіз қалуы мүмкін.

Жойылады - 14 мамандық

Жұмыс күші - 48 мың

Руслан Тлеубаев, ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Еңбек саласын зерттеу және болжау департаментінің директоры:

-  Бүгінгі күні білеміз, ChatGPT болсын басқа болсын әртүрлі инструменттер ЖИ. Мәліметтерді өңдеу, дауындау, оларды түзеу бойынша жұмыстарды жылдам, тез іске асыра алады және осы мамандықтар орта мерзімді нарықта жойылып кету қауіпі бар мамандықтар болып саналады. Бұл мамандықтар бойынша Қазақстанда 48 мыңнан астам азаматтар бүгінгі күні жұмыс атқарып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz