RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында көпір құрылысы жалғасады

16.04.2026, 21:10 38

Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария арқылы өтетін көпір құрылысы қайта жанданды. Екі жолақты өткелдің жұмысы 2022 жылы басталған.

Бірақ мердігер міндетін орындай алмады. Қазір жоба қайта қаржыландырылып, мамандар нысанды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Көпір 10 ауылдың 15 мыңға жуық тұрғыны үшін маңызды саналады. Сонымен қатар Әйтеке би кентінде 3 шақырымдық айналма жолдың құрылысы басталды. Бұл ауыр жүк көліктерінің аудан орталығын айналып өтуіне мүмкіндік береді.

Мұрат Әбсұлтанов, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:

- Тиімділігі, орталықта әлеуметтік нысандар, мектептердің алдында жүк көліктерінің кептелістерін азайту мақсатында өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Соның мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен де 16 көшеге қиыршық тасты төсеуге жұмыс басталып, қазір қарқынды жүруде. Сонымен қоса 30 көшемізге де тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, облыстық бюджетке өтінім тапсырып отырмыз. 2026-2027 жылға бюджеттің бөлінуіне қарап, бұл кезең-кезеңмен екі кезеңге бөліп жасап тапсырып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz