RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында каналдар қалпына келтіріле бастады

16.04.2026, 21:20 34

Атырау облысында каналдар тазартылып жатыр. Өңірдегі 230-дан астам егін шаруашылығы құрылымы осы арналарды пайдаланады.

Тірлігі тікелей канал суына тәуелді 5 ауданның малшылары да су арналарын жағалай жайлауға шығуға дайындалып жатыр. Өңірде жалпы ұзындығы 1300 шақырымнан асатын 21 канал бар. Қазір аршылған 15 арнаға су жиналды. Бүгінде, кәсіпорынға қарасты 220 маман мен 50-ден астам техника толықтай канал құрылысына жұмылған. Барлық каналда сорғылар орнатылып, су беріле бастады. Республикалық бюджеттен бөлінген 399 млн теңге игерілді. Сондай-ақ Қызылқоға, Индер және Құрманғазы аудандарындағы 4 канал аршылады.  

Асланбек Рысжан, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты коммуналдық кәсіпорын директоры:

- «Бағырлай», «Қурайлысай» каналы, «Кабяково-Забурын» Құрманғазы ауданында, Қызылқоға ауданында «Ералы» су торабы бар. Олардың екеуіне бүгінгі таңда келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Индер ауданы бойынша Бағырлай каналына республикадан трансфертпен 256 млн қарастырылып отыр. Құрманғазы ауданы Кабяково-Забурын каналына 142 млн қарастырылып отыр. Келісімшартқа отырғаннан кейін мердігерлер жұмыстарны бастайды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz