Өрт қаупі маусымы басталғалы елде 40-тан астам орман өрті мен 200-ге жуық құрғақ шөптің тұтану дерегі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, тілсіз жаудың алдын алу және ошақтарын ерте анықтау мақсатында бақылау шараларын күшейтіп жатыр. «Табиғат» жүйесі тәулік бойы жұмыс істеп, бейнебақылау және ғарыштық мониторинг тәсілі қолданылады. Ал орманды аймақтарда авиация қызметі әуеден шолу жасап, ұшқышсыз аппараттар арқылы бақылау жүргізіп отыр. Сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында, ел бойынша 170-ке жуық өрт сөндіру бекеті құрылып, солардың көмегімен 900-ге тарта қызыл жалын ошағы сөндірілді. Бұл мақсатта 50 мың адам және 11 мың техникадан тұратын республикалық топ жұмылдырылды. Орман шаруашылығының 360 басшысы арнайы дайындықтан өтті. Мамыр айында Қостанай облысындағы Ресеймен шекаралас аймақтарда өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылады.
Асқар Төлешев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
- Полициямен, әкімдікпен бірлесіп, рейдтік жұмыстар жүргізіліп жаты. Патурльдар жүргізіліп жатыр. Соның арқасында қазіргі кезде заң бұзғандар үшін 5 млн-дай айыппұл салынды.
Тегтер #хабар24 #ТЖМ #өрт #жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz