RU
Толық нұсқаға өту

Студенттердің туристік жобалары таныстырылды

16.04.2026, 21:50 37

Ақтауда халықаралық студенттер форумы өтіп жатыр. Іс-шара отандық ішкі туризм саласын дамытуға арналды.

Жиында Қазақстан мен Әзербайжанның жастары авторлық ІТ жобасын таныстырып, өзара тәжірибе алмасты. Жұмысы үздік деп танылған жас буын өкілдеріне форум соңында қаржылай сертификат берілді. 

Форумда ақтаулық студенттер жасаған ақпараттық сайт көпшілікке таныстырылды. ІТ платформада Маңғыстаудың көрнекті орындары, хостел, мейрамханалары туралы мәліметтер үш тілде жазылған. Чат-бот арқылы өзіңізді қызықтырған мекен-жайға қатысты сауал қалдырсаңыз жеткілікті. Жасанды интеллект сол жерге тиімді бағада әрі ең төте жолмен жетуге болатынын көрсетіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Әсел Елтүзерқызы, студент:

- Туристер Маңғыстауға келген кезде көп сайтты шарлап, уақытын кетірмесі үшін барлығын арнайы бір сайтқа қосқан болатынбыз. Біз алдағы уақытта құрылғы істейтін боламыз. Сайтпен 2-3 ай көлемінде жұмыс жасаған болатынбыз. Қазіргі уақытта танымал туристік агенттіктерді өзіміздің сайтымызға енгізетін боламыз.

Форумда бауырлас Әзербайжан және қазақстандық университеттерде оқып жатқан студенттер 12 жоба ұсынды. Ұйымдастыру алқасы үздік деп танылған 4 жобаны одан әрі жетілдіріп, кең қолданысқа енгізуге де қаржылай қолдау көрсетілетінін айтып, жастарды қуантты.

Мақсым Орынбасаров, Ұйымдастыру алқасының мүшесі:

- Қоғамға таныстырылғаннан кейін осы форумға келген серіктес

компаниялармен бірегей түрде жұмыс жасаймыз. Бірінші деңгейінде Қазақстанның төңірегінде жасақтайтын боламыз. Қойылған негізгі бастапқы талаптар - жасанды интеллект құралдарымен жобаланған болуы керек және де соңғы инновациялық әрі актуальды тақырыптардың болуы. 

Дарынды жастар ойлап тапқан цифрлық платформалар ендігі кезек Қазақстанның өзге де өңірлері жайлы танымдық мәліметпен толықтырылады. Форум аясында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, жастайынан қолы қолөнерге бейім студенттердің ұлутас, ағаштан жасаған кәдесый, әшекей бұйымдар көрермен назарына ұсынылды.

Былтыр Маңғыстауға 500 мыңдай турист келді. 20 пайызы шетел азаматы.  Биыл да жазғы демалысын Каспийдің суы мөлдір, құмды жағасында өткізгісі келетіндердің қатары аз болмасы анық. Ендігі кезек туристер үшін жергілікті жерде жасалған сайттар мен мобильді қосымшалар қолжетімді болмақ. Жалпы Маңғыстаудың жастары соңғы үш жылда 40-тан астам стартап жобаны жүзеге асырған. 

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz