Жаңа Конституция әділеттілік пен дамудың кепілі болады. Сенат депутаты Евгений Больгерт осылай дейді.
Оның айтуынша, реформалар адам, оның құқықтары мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік әділеттілікті күшейту «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының негізіне айналды, ал енгізілген өзгерістер азаматтар нақты сезінетін нәтижелер арқылы бағаланады. Маңызды қадамның бірі – құқықты қорғау тетіктерін кеңейту, соның ішінде Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігінің болуы.
Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тікелей Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі бар және оның шешімі міндетті түрде орындалады. Бұл – негізгі құқықтарыңыз бен мүдделеріңіздің ең жоғары деңгейде қорғалатынына берілетін кепілдік. Сонымен қатар бізде неке, отбасы, ана мен әке және балалар құқығы қорғалады. Бұл жай ғана терминдер жиынтығы емес, әрқайсымызға ертеңгі күнге деген сенім беретін маңызды өзгеріс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #конституция #Заң мен тәртіп
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz