RU
Толық нұсқаға өту

«Білім беру ұйымдарында конституциялық құндылықтарды қалыптастыру» форумы өтті

16.04.2026, 23:25 40

Астанада «Білім беру ұйымдарында конституциялық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында қалалық форум өтті.

Кеңеске Парламент депутаттары, сарапшылар мен педагогтар қатысты. Олар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, конституциялық құндылықтарды терең меңгерту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ құқықтық тәрбие мен конституциялық сауаттылықты арттыру бағытындағы бастамалардың маңыздылығы атап өтті.

Амангелді Есбай,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Форум негізінен жаңа Конституцияның негіздерін, олардың мазмұнын жалпы жастардың арасында насихаттау, жеткізу. Бұл жердегі негізгі мақсат құқықтық тәрбие. Қазір қоғамда барлығымыз көріп отырмыз, құқықтық мәдениеттің кей салаларда жетіспей жатқандығын.  Жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз осы тек ғана адамдардың құқықтарын ғана емес жауапкершіліктерінің де негізін қалыптастырған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz