RU
Толық нұсқаға өту

Ата-әже мейірімі көпті елжіретті

17.04.2026, 10:45 49

Теңге тиыннан құралады. Ақтаулық әйелдің әрекеті желідегі жұртты таңғалдырды. 50 жастағы Медина Жұмабайқызы кейінгі жылдары тиындап ақша жинауды әдетке айналдырған.

3 жылдың ішінде 1,5 миллион теңге жинаған. Көзге елеусіз көрінетін ұсақ ақша оның қолында қомақты қаражатқа айналған. Мединаның ерекше тәжірибесі талай оқырманды сүйсінтіп тастады. 30 литрлік ыдысты тиындарға толтырып, үш жылда қанша ақша жинағанын айтып ағынан жарылды. Өзі кәсіпкер екен. Күнделікті кәсібінде түсетін тиындарды жұмсап тастамай, жинап отырған. 

Аққулар оралғанда...

Мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды. Павлодар облысында қанаты мұзға жабысып қалған аққулар табиғи мекеніне қайта оралды. Естеріңізде болса, қыстың қақаған аязында жылы жаққа ұша алмай, мұз құрсауында қалған қос аққуды Бауыржан Жақыпов құтқарып қалған. Киелі құстарды қамқорлығына алып, қорасында бағып-күтті. Азаматтың бұл әрекеті көптің ерекше ықыласына бөленгені белгілі. Әп-сәтте желінің жұлдызына айналып шыға келген. Көктем келіп, құстарды өз мекеніне жіберді. Ол өзінің бұл әрекетін ерлікке санамайды. «Табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлықтың көрінісі» , - дейді. Жеке парақшасында жазған осы пікіріне жұрт ыстық ықыласын білдірген.

Ата-әже мейірімі көпті елжіретті

Желідегі жұртты таңырқатқан тағы бір жаңалық немересіне ерекше тосынсый жасаған ата-әженің әрекеті. Қариялар қыздарының жұмысына барып, туған күнінде күтпеген сый жасаған.

«Инстаграм» желісіне тарап кеткен мына бейнені Жібек есімді ару өзінің жеке парақшасында жариялаған. Мұндағы мейірім мен махаббатқа толы көрініс көпті сүйсінтіп қана қоймай, аз уақыттың ішінде мыңдаған қаралым жинап үлгерген. Оқырмандар тарапынан жазылған әдемі тілектер толассыз. «Сіз өзіңіздің қаншалықты бақытты екеніңізді білесіз бе?», «Ата-әжеңіз ұзақ жасасын!» «Көзіме жас келді, ата-әжемді сағындым» деген жазбалар көп.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz