RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ жұрты Есмұхан Обаевпен қоштасты

17.04.2026, 15:15 44

Бүгін қазақ жұрты Қазақстанның халық әртісі, театр өнерінің көрнекті өкілі, белгілі режиссер, ұлағатты ұстаз Есмұхан Обаевпен қоштасты. 

85 жасқа қараған шағында өмірден өткен Есмұхан Несіпбайұлы театр ісін ұйымдастырудың шебері болды. Еліміздегі бірнеше театрдың аяққа тұруына үлес қосты. Сахнада қайталанбас пьесаларды қойды. Шәкірт тәрбиеледі. Қаралы жиында Президенттің көңіл айту хатын Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқыды. «Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады. Соңынан мол рухани мұра қалдырған Есмұхан Несіпбайұлының иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» делінген көңіл айту хатында.

Еркін Жуасбек,  М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры:

- Тарихта өз болмысын жасаған, өнерде ойып өз орнын алған мұндай кісілерден айырылу оңай емес. Алла сабыр берсін! Өмірде өзіне берілген миссияны адал орындап, өнерге шынайы қызмет істеген мұндай тұлғалардың жарқын бейнесі есімізде мәңгілік сақталады деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz