RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда Есіл өзені көтеріліп қауіпті межеден асты

17.04.2026, 17:05 39

Қазір судың деңгейі 941 сантиметрге жеткен. Қаладағы саяжай қауымдастықтарына қауіп төніп тұр. Сондықтан полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні кезекшілік жасап, қауіпсіздік шараларын күшейтті. 

Облыс орталығындағы тасқынның шарықтау шегі демалыс күндері болады деп болжанып отыр. Жалпы құтқарушылар 112 елді мекенді бақылауға алынған. Қазір Сергеев су қоймасындағы судың биіктігі 64 сантиметр болып тұр. Бұл –  былтырға қарағанда едәуір төмен. 

Наталия Левина, «Қазгидромет» РМК СҚОФ директорының орынбасары:

- Ақмола облысында тасқынның екінші толқыны басталды. Сол себепті Ғабит Мүсірепов, Шал ақын аудандарында судың көтерілуі байқалады. Сергеев су қоймасында да осындай жағдай.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz