RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Тұран өркениетін зерттейтін орталық ашылды

17.04.2026, 17:44 34

Алматыда «Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды. Мекеменің мақсаты – түбі бір түркі елдеріне ортақ құндылықтарды жинау.

Еуразия кеңістігіндегі бауырлыс халықтардың мәдени және тілдік мұрасын кешенді түрде зерттеу. Орталық Ұлттық ғылым академиясының жанынан Алматыдағы университеттердің бірінің базасында құрылды. Ашылу салтанатынан кейін конференция өтті. Мамандар өркениеттік сабақтастық, тарихи жадты цифрландыру, гуманитарлық зерттеулерге заманауи технологияларды енгізу жайын талқылады. Ғылым, білім және сараптамалық қызметті үйлестіру тетіктері қарастырылды.  

Жеңісбек Төленов, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА білім және қоғамдық даму орталығының басшысы:

- Бұл – тек қана Қазақстан ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Азербайжан сияқты түркі мемлекеттерінің ортақ құндылықтарын зерттей отырып, мемлекеттер арасындағы интеграцияны, мәдени, саяси құндылықтар интеграциясын жүзеге асыратын орталық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz