Елордада ұлттық киімді ұлықтау мақсатында балалар арасында сән көрсетілімі өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкірінен 80 бала жиналды.
Қазақы нақыштағы киімдерді киіп, ел алдына шыққан өрендердің ең кенжесі 4 жаста. Көрсетілім жас дизайнерлерге де демеу бере білді. Мәселен, шара барысында 12 жастағы Айару Өміржанқызының туындысы келушілер назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар сән көрсетелімін жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.
Мадина Еділбекова, Brilliant мектебінің негізін қалаушы:
- Біз осы жобаға әр өңірдің жасөспірімдерінің қатысуына мүмкіндік бердік. Ойымыз іске асып, барлық облыстан балалар келді. Мақсатымыз – жасөспірімдерге мәдениеттімізді, ұлттық киімді көрсету. Сонымен бірге елдің түкпір-түкпірінен келген дизайнерлер мен олардың коллекциялары таныстырылды. Барлығы ерекше үлгіде дайындалған.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz