RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен баланың денесі табылды

17.04.2026, 19:32 204

10 жастағы жеткіншектің мәйітін сүңгуірлер Сарыжар ауылы іргесіндегі Елек өзенінен 14 шақырым жерден тапты.

Іздеу жұмыстарына полицейлер, әскерилер, қайықтар мен дрон аппараттары жұмылдырылды. Құтқарушылар күн сайын 35 шақырымға дейінгі су айдынын тексеріп отырған. Алайда жұмыстарға өзен ағысының қатты болуы, қалың қамыс-қоға айтарлықтай кедергі келтірген. Қазір жеткіншектің өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz