Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары жер қойнауын заңсыз қазғандарды анықтады.
Құзырлы орган өкілдері дрон құрылғысының көмегімен Кентау қаласының Ойық елді мекеніндегі таулы аймақта рейд өткізді. Нәтижесінде «Барит» қатты қазба байлығын рұқсатсыз қазып жатқан Кентау қаласының екі тұрғынын ұстады. Күдіктілер күмәнді іске Өзбекстан азаматтарын арзан жұмыс күші ретінде заңсыз пайдаланған. Шетел азаматтарын рұқсат етілмеген жұмысқа тартқаны және жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі екі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мақсат Ералиев, облыстық мамандандырылған Табиғат қорғау прокурорының міндетін атқарушы:
- Шетел азаматын елімізден шығарып жіберу мақсатында Кентау қалалық сотына жолданды. Сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісіне жол берген тұлғаның лицензиясынан айыру мақсатында құзіретті орган Өнеркәсіп және құрылыс министрілігіне ақпараттық хат жолданып, бақылауға алынды
Тегтер #Түркістан облысы #жер қойнауы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz