Бүгін Жамбыл облысында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды. Ауқымды шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды.
Бастама алдағы уақытта елдің 20 өңірін қамтып, Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналады.
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырып отыр. Жоба Халықаралық волонтерлер жылы аясында Жамбыл облысындағы «Ақыртас» сарай кешенінен бастау алды.
Салтанат Ділдәбекова, облыстық Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы:
- Бұл шараның негізгі мақсаты – жастарды, волонтерлерды осындай тарихи орынға тарта отырып, қызықтырып, маңыздылығын түсіндіре отырып тарихты насихаттау болып табылады.
Мерей Бает, тілші:
- Ақыртас кешені 2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енді. Мұнда жылына шетелден мыңға жуық турист келеді. Сондықтан тарихи нысанды тазалықта күтіп ұстау аса маңызды.
Шараға волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері және жергілікті қауымдастық өкілдері қатысты. Олар кешен аумағына тал егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы ел бойынша 7 мыңнан астам еріктілер бар. Биыл олардың қатарына 200 мүшесі бар «Мәдени мұра волонтерлер клубы» қосылды.
Нұрас Ералы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ұйымының директоры:
- Валонтерлеріміз тек қана талазықпен айналыспайды. Олар мәдени жерлерді сақтаумен, насихатпен және де осы әлеуметтік желілерде ақпаратты таратумен айналысады. 10 мәдени обьектіміз ЮНЕСКО-ға кірген болатын. Ол обьектілердің бесеуі де Жамбыл облысында. Алайда осы тізімге кірмеген басқа мәдени нысандарды да қорғаумен айналысамыз. Тек қана үлкен белгілі жерлермен емес.
Аталған жоба еліміздің 20 өңірін қамтып, тарихи жерлерді қорғаумен қатар волонтерлік қозғалыстың дамуына да ықпал етеді. Сондай-ақ тарихи нысандарды сақтау жұмыстарының жандануына жол ашады.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан
Тегтер #Жамбыл облысы #республткалық акция #волонтерлер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz