Бүгін – халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Елде «Madenietti Mura» волонтерлік клубтары құрылып, бірінші бастама ретінде әр аймақта сенбілік ұйымдастырылды.
Сондай экологиялық акцияның бірі Астанада өтті. Белсенділер: «Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тарихи орындарды күтіп ұстау – азаматтық борышымыз», - дейді.
Мадияр Бауыржанұлы, волонтер:
- Қазақстанның «Мәдени мұрамызды сақтау» республикалық акциясы Қазақстан Альянсының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық жобасы мен азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іскер асырылып жатыр. Бүгін біз сенбілік өткізіп жатырмыз. Әрбір таза орын тарихқа – деген құрмет, әрбір жасалған ісіміз – ұлтқа деген қызмет.
Тегтер #Астана #сенбілік #волонтерлер #Таңдаулы #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz