RU
Толық нұсқаға өту

Қарулы күштерде Ашық есік күні өтті

19.04.2026, 15:30 34

Қарулы күштерде бірыңғай Ашық есік күні өтті.

Игі шара аясында еліміздің әр өңіріндегі 50-ден астам әскери бөлім атап айтқанда қарулы күштердің барлық түрлері келушілерге есігін айқара ашты. Белсенді азаматтар армияның тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен танысты. Казармаларды, асханаларды және тұрмыстық нысандарды аралады.  Іс-шараға 15 мыңнан аса адам қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер мен мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналары, туған-туыстары бар. Игі шара аясында оқушылар мен студенттер өздерін болашақ Отан қорғаушысы ретінде сынап көрді. Орайы келгенде әскери қызметшілер, саптық дайындық элементтерін, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Айым Аманғазы, 10 сынып оқушысы:

- Бұл жерде көп техникамен таныстық. Маған өте қызықты болды. Біздің жас әскер қорғаушы ер азаматтарымызға бұл өте қызықты болады деген ойдамын.

Қыдырбек Төлепов, 22750 әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Ең алдымен жастарды мектеп табалдырығынан отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға сезімін ояту. Конституцияда жазылғандай әркімнің азаматтық парызы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz